Алматыда жаңа студенттер үйі салынады

фото: Баспасөз орталығынан алдынды деп жазсаңыздар деген өтініш
фото: Баспасөз орталығынан алдынды деп жазсаңыздар деген өтініш

Жатақхана құрылысына ғалымдарының әзірлемелері пайдаланылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 832 орындық жаңа студенттер жатақханасын салынады. Жаңа кампус студенттерге жайлы өмір сүруге ғана емес, білім алуға, тәжірибе жинауға және заманауи инженерлік шешімдерді іс жүзінде көруге мүмкіндік беретін ортаға айналмақ. Құрылысты келесі жылы аяқтау жоспарланып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілішісі.

Мұнда коворкингтер мен оқу аймақтары, фитнес-орталық, кинозалдар, кір жуатын орындар, дәмханалар мен демалыс орындары қарастырылады. Ғимараттың төбесінде ашық кинотеатр мен студенттерге арналған ортақ кеңістік орналасады.

Жобаның тағы бір маңызды ерекшелігі оның ресурсты тиімді пайдалануға бағытталуы. Жатақханада күн энергиясын пайдалану, жаңбыр суын жинап, сақтап, қайта қолдану жоспарланған. Кампус аумағында да заманауи инженерлік шешімдер күнделікті қолданысқа енгізіледі.

Бұл ретте жаңа нысанның ерекшелігі оның технологиялық шешімдерімен ғана шектелмейді. Кампус құрылысына университет ғалымдары әзірлеген құрғақ құрылыс қоспалары қолданылады. Олардың құрамының 95 пайызы отандық шикізаттан тұрады. Ал кейбір қоспаларда пайдаланылатын шикізаттың жартысына жуығы энергетика және тау-кен металлургиясы кәсіпорындарының қалдықтарынан алынады. Бұл әзірлемелердің артында бірнеше жылдық ғылыми ізденіс, зерттеу және тәжірибе тұр.

«Ғалымдарымыз он жылға жуық уақыт бойы жаңа құрылыс материалдарының құрамын әзірледі. Зерттеу жүргізіп, патент алып, кейін өндірісімізді жолға қойдық. Енді  студенттерімізге арналған жатақхана құрылысында қолданылады», – деді «Stroytech» технопаркінің директоры, Сәтбаев университетінің зерттеуші-профессоры, PhD Руслан Нұрлыбаев.

Ғалымдардың еңбегінің нақты нысанда қолданылуы  ғылымның қоғамға берер пайдасының айқын көрінісі. Зертханада басталған идеяның өндірісте жүзеге асуы, ал ғылыми әзірлеменің студенттер күнделікті пайдаланатын ғимаратқа айналуы ізденістің нәтижесі нақты іске ұласатынын көрсетеді.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстарына университеттің құрылыс мамандықтарында білім алып жүрген студенттерді де тарту жоспарланған. Осылайша болашақ инженерлер теориялық білімін нақты құрылыс алаңында тәжірибемен ұштастырып, ауқымды жобаның жүзеге асу барысын өз көзімен көріп, кәсіби машығын қалыптастыра алады.

Жобаның қаржылық моделі салынған инвестицияны Қаржы орталығының қатысуымен және студенттердің тұру ақысы есебінен қайтаруды көздейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда №15 санаториялық үлгідегі мектеп-интернаттың жаңа ғимараты ашылды