Алматыда жеке үйлердің өрт қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Кей үйге көміртек тотығын анықтайтын датчиктер де орнатылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жылыту маусымына дайындық аясында жеке тұрғын үйлерді аралап, өрт қауіпсіздігі мен газ жабдықтарын дұрыс пайдалану талаптары түсіндіріліп жатыр. Профилактикалық шаралар Әуезов ауданында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Іс-шараға Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының, «ҚазГазАймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының өкілдері мен волонтерлер қатысты.

Мамандар тұрғындарға пеш пен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, табиғи және сұйытылған газбен жұмыс істеу, өрттің алдын алу талаптарын түсіндірді. Сонымен қатар газ баллондарының герметикалығы мен техникалық жарамдылығы тексерілді.

Аралау барысында көміртек тотығын анықтайтын датчиктер де орнатылды. Бұдан бөлек, көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік таратылды.

ТЖД мәліметінше, мұндай профилактикалық жұмыстар тұрғын үйлердегі қауіпсіздікті арттыруға, өрт пен газдан улану қаупінің алдын алуға және тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтау жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Оқи отырыңыз: Шайбалы хоккейден Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды