Шайбалы хоккейден Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы қола жүлде алды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Спортшыларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді.

Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Енді сары құрлық додасының финалында Жапония мен Қытай өзара мықтыны анықтайды.

Оқи отырыңыз: Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады