Алматыда жылыту маусымына байланысты қауіпсіздік шаралары жүргізіліп жатыр

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

ТЖМ тиісті талаптарды қатаң сақтау керек екенін еске салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында жылыту маусымында өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде,  деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері прокуратура, коммуналдық қызметтер, жауапты компания өкілдері және волонтерлермен бірлесіп, жеке тұрғын үйлерді аралады.

Іс-шара барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндіріліп, үйлерге өрт хабарлағыштары орнатылды. Сондай-ақ газ баллондары тексеріліп, анықталған ақаулар жойылды.

Жылыту маусымында қандай қауіпсіздік талаптарын сақтау керек?

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға мынадай ережелерді сақтауды ескертеді:

  • Пештердің, түтін мұржаларының және газ жабдықтарының жарамдылығын үнемі тексеріңіз.
  • Жұмыс істеп тұрған жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.
  • Үйді жылыту үшін газ плитасын пайдаланбаңыз.
  • Электр сымдарының жай-күйін бақылап, розеткаларға шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз.
  • Үйге түтін мен көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатыңыз.

Газдың иісі сезілсе, жарық пен электр құрылғыларын қоспаңыз және сөндірмеңіз. Мүмкін болса, газ беруді тоқтатып, терезелерді ашыңыз да, ғимараттан дереу шығыңыз. Авариялық қызметке қауіпсіз жерден хабарласыңыз.

Мамандар тұрғындарды жылыту маусымы басталғанда үйдегі пештерді, газ жабдықтарын және электр желілерін тексеріп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады