Алғашқы болып сахнаға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бақыт Шадаева шығып, “Қош келдің, жаңа жыл” әнін орындады
Алматыдағы Астана алаңында мегаполистің басты жаңа жылдық концерті басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алғашқы болып сахнаға ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бақыт Шадаева шығып, “Қош келдің, жаңа жыл” әнін орындады. Келесі әнінде орынлап ол көрермендердің көңілін көтерді. Содан кейін ҚР мәдениет саласының үздігі Тахмина Әшімбекова өз әнін халыққа ұсынды.
Сонымен қатар кеште қала тұрғындары мен қонақтар үшін көрнекті орындаушылар мен музыкалық топтар өнер көрсететін болады. Олар қатарында Макпал Исабекова, Алишер Каримов, Акылбек Жеменей, Бейбит Корған, Даулет Жанболат, Жұбаныш Женсенұлы, Диана Исмаил, Бахыт Шадаева, Абай Бегей, Інжу Әнуарбек, Абик Жексен, Асхат Тарғын, Дәлел Уашев, Мақсат Базарбаев, Дәурен Байбөрі бар.
Сонымен қатар сахнада Ringo, Ninety One, Ayree, Astra, Dakelot, Музарт Life топтары өнер көрсетіп, көрермендерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлайтын болады.
Оқи отырыңыз: Жасанды шыршаны орнатар алдында жуып алыңыз – аллергологтар кеңесі