№214 жалпы білім беретін мектепте «Наурыз Fest – дала думаны» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды
Алматының Наурызбай ауданындағы №214 жалпы білім беретін мектепте «Наурыз Fest – дала думаны» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылып, концерт қойылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Өнер иелері ән шырқап, қазақтың салт-дәстүрін насихаттауға бағытталған туындыларды орындады. Бұдан бөлек, білім ордасы ауласында ұлттық ойындардан да бәсекелер өткізілді.
«Ұлттық ойындар асық ату, қол күрес, арқан тарту балаларымызға өткізіліп жатыр. Сонымен бірге әжелеріміз, аталар келіп, қазақтың ұлттық салт-дәстүрін насихатауға үлесін қосып, балалардың тұсауы кесіп, бесікке бөледі», – деді № 214 жалпы білім беретін мектептің директоры Света Ахметова.
Іс-шарада бой көрсеткен ата-аналар мен оқушыларға бауырсақ, көже мен палау тағамдары таратылып, көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» экоакциясының аясында білім ордасының ауласына 150 түп туя ағашы егілді. Оқушылар мен аудан тұрғындары науқанға белсене қатысып, бірнеше тал отырғызды.
«21 наурыз күні бастау алған мерекелік іс шаралар сәуір айында жалғасып жатыр. Бұл – қала деңгейінде ұлттық құндылықтарымызды, мәдениетімізді кең ауқымда насихатталып жатқанының белгісі. Алматы қаласының Білім басқармасы да бұл іс-шарадан шет қалған жоқ. Барлық білім беру ұйымдарында ұлттық дәстүр насихатталып, мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр», – деді Білім басқармасы басшының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.
Оқи отырыңыз: Алатау ауданындағы емхана базасында «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды