Алатау ауданындағы емхана базасында «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды

Ботагоз Жокенкызы

Бүгінде №29 қалалық емхана 70 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданындағы емхана базасында «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа медициналық мекеме халықаралық стандарттарды енгізу, цифрландыру және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бүгінде №29 қалалық емхана 70 мыңға жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Оның ішінде 47 пайызы балалар. Жаңадан ашылған орталықта дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 13 жоба іске асады. Ол медициналық персоналдың жұмысын жақсартуға да, пациенттердің белсенділігін арттыруға да септеседі.

«Осы көктемнің шуақты күні Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №29 қалалық емханасында «Үздік тәжірибе орталығы» ашылды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының кеңесімен амбулатория деңгейінде озық тәжірибелерді, практикаларды енгізіп, көмек көрсетіледі», -деді № 29 қалалық емхананың директоры Ақмира Садықова.

Оқи отырыңыз: Алматыда студенттерге арналған мамандықтар жәрмеңкесі өтті

Новости партнеров