Референдумға дейін:
21
күн
0
сағат
39
минут

Алматыдағы Қалқаман-2 шағынауданында жекеменшік сектордың келбеті өзгеруі мүмкін

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, аталған өзгерістер 2023 жылы бекітілген жоспарлау жобасында қарастырылыпты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы Қалқаман-2 шағынауданында бірқатар жекеменшік сектордың келбеті өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда, Абай даңғылы мен Шаляпин, Смайылов, Мұсабаев және Әшімов көшелері арасындағы аймақ абаттандырылмақ, деп хабарлайды

Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, аталған өзгерістер 2023 жылы бекітілген жоспарлау жобасында қарастырылыпты. Құжатқа сәйкес, аталған аумақта білім беру мен денсаулық сақтау нысандары, спорт алаңдары мен саябақ, мәдениет пен өнер мекемелері бой көтермек. Бұдан бөлек, көпқабатты тұрғын үйлер салу да көзделіпті. Алайда кейбір тұрғындар мұнымен келіспейді.

«Бұл аумақтың қалыптасқанына 20 жылдан асты. Мұнда сапалы үй көп, аулалар да абаттандырылған. Енді соны бұзбақшы. Біз бұл шешіммен келіспейміз», – деді қала тұрғыны Лариса Щербакова.

  Ал Сәулет және қала құрылысы басқармасындағылар бұл мәселе бойынша қоғамдық тыңдаулар тұрғындардың қатысуымен өткенін айтты. Ал аталған аумақтарды өзгерту мерзімі әлі нақтыланбаған.

«Үйлерді бұзу мәселесі бойынша нақты жоспарлау жобасында 2023 жыл деп бекітілген. Ол жерде көппәтерлі тұрғын үйлердің және мектеп, балабақша, саябақтың құрылыстары қарастырылған. Қазіргі таңда аталған аумақта құрылыс жүргізетін инвестор жоқ. Сол себепті бұзу мерзімін айта алмаймыз», – деді Наурызбай ауданының архитекторы Дәурен Алмасбеков.

Әкімдік өкілдері жеке секторларға өзгеріс енгізу – ауданды кешенді абаттандырып, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бастама екенін алға тартты.

Аяулым Көлжігіт, Адель Ақжаркенова, Мейрам Исабеков

Оқи отырыңыз: Қауіпсіздік басты назарда: Алматыда төтенше жағдайлар туралы ақпараты шұғыл тарататын мобильді қосымша іске қосылды

Новости партнеров