Алматыдағы ЖЭО-3 желтоқсанда іске қосылады

05.05.2026 15:27

Оның айтуынша, құрылыс жоспарға сай жүріп жатыр

Алматыдағы үшінші жылу электр орталығы биыл желтоқсанда іске қосылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv

Оның айтуынша, құрылыс жоспарға сай жүріп жатыр. Қазір нысандағы негізгі жұмыстар қарқын алған. Мәселен, алғашқы газтурбиналық қондырғының іргетасы дайындалып, орнату кезеңі басталған. Қажетті жабдықтардың 60 пайызы сатып алынған. Қайрат Мақсұтовтың айтуынша, мердігер ұйымдарға нақты міндеттер жүктеліп, жыл соңына дейін стансада өндірілген алғашқы электр энергиясын жалпы желіге беру жоспарланып отыр.

«Құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы газтурбиналық қондырғының іргетасы дайындалып, қазан-утилизаторды орнату жұмыстары қолға алынды. Негізгі жабдықтардың шамамен 60 пайызы жеткізілген. Яғни қажетті құрал-жабдық толықтай сатып алынып, жеткізілген. Осыған байланысты мердігер ұйымдарға нақты міндет қойылды», – деді  «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов.

Оқи отырыңыз: Елімізге дәрілерді жеткізетін компания алаяқтық жасап келген