Алматыға жабайы үйректер ұшып келді

Коллаж: Аlmaty.tv
Коллаж: Аlmaty.tv

300-ден астам үйрек зообақ аумағындағы көлшікке жиналады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы зообағының қызметкерлері күн суып, аяз басталғалы бері қыстап шығу үшін жабайы үйректердің ұшып келе бастағанын айтып, видео жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың айтуынша, бұл көрініс жыл сайын қайталанатын көрінеді.

Жабайы үйректердің көбі, яғни 300-ден астамы - зообақ аумағындағы көлшікке жиналады екен.

"Жаңа достардың келіп қосылғанына Алматы хайуанаттар бағындағы аққу, қаздар ерекше қуанады. Зообағымыздағы құстармен қоса, сырттан келген үйректерді қорекпен қамтамасыз ету үшін оларға дәнді дақылдарды әдеттегіден артық береміз. Құстарға күніне екі уақыт тамақ беріледі. Олар - жарма, сұлы, бидай, тары, сәбіз, салат жапырағы, қырыққабатты сүйсініп жейді.
Бір қызығы, оларға шашқан түрлі дәндерді алдымен өзіміздің құстар жейді. Сырттан келген үйректер шыдамдылық танытып, күтіп тұрады", - дейді зообақ қызметкерлері.

Олардың айтуынша, жабайы құстар суда жүзіп жүрген құстарздың артынан келіп, солардан кейін қоректенеді.

"Қонақтарымыз - жабайы үйректер зообағымызда көктемге дейін болады. Оларды көргілеріңіз келсе, Алматы хайуанаттар бағы сіздерді күтеді", - дейді зообақ қызметкерлері.

Оқи отырыңыз: Іле-Алатау ұлттық паркінде тау ешкісі мен жабайы қабан фототұзаққа түсіп қалды

Новости партнеров