Оқытушылар көрген-білгенін жинақтап, жоба дайындады
Алматының 600-ге жуық арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері шетелге барып, тәжірибе амасты шыңдады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Соңғы 3 жылда ұстаздар қауымы Германия, Франция, Қытай, Түркия, Корея, АҚШ, Сингапур сынды елдерде халықаралық тағылымдамадан өткен. Бүгін сол мамандар озық мемлекеттерден үйреніп келген мол тәжірибесін бөлісу үшін бас қосты. Олар біздің жеткіншектердің қарым-қабілеті батыс балаларынан еш кем емес, алайда технологияны игеру жағынан олардан үйренеріміз көп екенін ашық айтты. Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін тағылымдамадан өткен оқытушылар көрген-білгенін жинақтап, жоба дайындады. Онда шетелдік тәжірибеге негізделген тиімді білім беру әдісі енгізілген.
«Тағылымдамада заманауи технологияларды практика жүзінде оқып қана қоймай, Алматы қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жеткізу барысында ой бөлістік. Дөңгелек үстелде талқылап жатырмыз», – деді Алматы көпсалалы колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сәуле Сембиева.
Оқи отырыңыз: Жекеменшік мектептерге жалдамалы ғимаратта білім беруге тыйым салынбақ