Алматылық құтқарушылар суға батып бара жатқан әйелді аман алып қалды

16.06.2026 18:14

Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген

Алматылық құтқарушылар Сайран көлінен суға батып бара жатқан әйелді аман алып шықты. Оқиға 2 күн бұрын кешкі уақытта болған. Төтеншеліктердің айтуынша, бұл жағдай өз-өзіне қол жұмсау фактісі ретінде тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Мамандардың айтуыншга, әйелдің жағдайы қалыпты.

«Бұл – тәуліктік кезекшілігім кезінде, сағат 18:10-да болған оқиға. Мен әлдебір адамның су бетіне қалқып шыққанын көріп, бірден жүгіріп бардым да, айғайлап тоқтатуға тырыстым. Бірақ жауап болмады, 2 метр тереңдікке батыпты. Артынан мен де жүзіп дер кезінде жеттім. Әйелді жағаға шығарып, әріптесіме тапсырдым», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушысы Игорь Клунный.

Құтқарушылардың айтуынша, мұндай жағдай жаз айында жиі кездеседі. Сайран көлінде шомылуға рұқсат етілмегенімен, кейбір тұрғындар қауіпсіздік талаптарын елемейтін көрінеді. Мамандардың сөзінше, ережені көбінде ата-анасының қарауынсыз жүрген балалар мен мас күйдегі адамдар бұзады.

«2024 жылдан бастап Сайран көлінде абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Ол кездерде суға шомылуға рұқсат берілген жоқ. Қазіргі таңда қалалық әкімшіліктің қаулысына және де санитарлық нормаларға сәйкес Сайран көлі шомылуға рұқсат етілмеген орындардың бірі болып саналады», – деді Төтенше жағдайлар департаменті басқармасының бас маманы Біржан Серікбай.

Оқи отырыңыз: Қостанайда 2 адам суға батып көз жұмды