Қостанайда 2 адам суға батып көз жұмды

Төтеншеліктердің мәліметінше, іздеу жұмыстары 2 тәулікке созылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда 2 бірдей адам суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиға осыдан 2 күн бұрын Алтын Дала ауылы маңындағы Тобыл өзенінің бойында болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Алдын-ала мәлімет бойынша, табиғат аясына демалуға шыққан отбасы өзен жағасында отырған кезде бала су жиегінде ойнап жүріп, қатты ағысқа түсіп кеткен. Балақайды құтқаруға атасы ұмтылған. Алайда екеуі де тілсіз жаудың құрбанына айналды. Төтеншеліктердің мәліметінше, іздеу жұмыстары 2 тәулікке созылып, қаза болғандардың денесі оқиға орнынан бірнеше шақырым жерден табылған. Олардың шомылуға тыйым салынған учаскеде болғаны да анықталды

«Оқиға орнынан 1,5 шақырым қашықтықта 2020 жылы туған баланың денесі табылды. Кейін өзен ағысымен төмен қарай 5 шақырым жерде 1967 жылы туған ер адамның денесі анықталды. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция департаменті, жедел жәрдем қызметі, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер және жергілікті тұрғындар қатысты», – деді ТЖД бастығының бірінші орынбасары Алмаз Төлендин.

Оқи отырыңыз: Алматы дәрігерлері науқасқа екінші өмір сыйлады

Новости партнеров