Берешек пен өсімақының пайда болуын болдырмас үшін төлемді уақытылы жүргізу ұсынылады
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2025 жылғы салық кезеңі үшін жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеуді аяқтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алматылықтарға есептелген салық сомалары енгізілген коммуналдық қызметтерді төлеу түбіртектері (АЛСЕКО) жолданды. Сонымен қатар, тиісті хабарламалар мен төлем шоттары ыңғайлы төлеу үшін банктердің мобильді қосымшаларында қолжетімді. Салық «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ мәліметтері негізінде жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша есептеледі.
Заңнамада (Салық кодексінің 597-бабы) азаматтардың бірқатар санаттары үшін АЕК-тің 1000 немесе 1500 еселенген мөлшері шегінде салықтық жеңілдіктер қарастырылған:
Мүлік салығын төлеу мерзімі (СК 604-бабы): 2025 жыл үшін биылғы 1 қазаннан кешіктірілмей. Берешек пен өсімақының пайда болуын болдырмау үшін төлемді уақытылы жүргізу ұсынылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда кеңесті жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша Алматы қаласының аудандық Мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.
Оқи отырыңыз: Алматының Әуезов ауданында жыл басынан бері 100-ден астам аула ретке келтірілді