Бұл - жетістік халықаралық бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі
Алматылық төрт студент Германияда 43 күндік оқу тәжірибесінен өтіп, арнайы стипендияға ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің бірінде өткен жиында бұл жетістік халықаралық бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі ретінде атап өтілді. Іс-шараға қамқоршылық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдарының өкілдері, жұмыс беруші компаниялар қатысты. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, түлектерді еңбек нарығына бейімдеу мәселелері сөз болды. Жиын оқу орны мен құқық қорғау саласы мамандарының, ата-ана мен жұмыс беруші арасындағы серіктестікті дамытуға бағытталды. Ал тараптар бірлесе жұмылуға дайын екенін жеткізді.
«Бұл – тәрбие саласындағы әріптестеріміздің оқу жылындағы жүргізген жұмыстарының есебі десе де болады. Биыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауының осы салада маман дайындайтын оқу орындарына ерекше леп берген сияқты. Қалалық, республикалық және халықаралық іс-шаралар өткізіліп жатыр, – деді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ләззат Әмірова.
Оқи отырыңыз: Үлескерлердің құқығын бұзған құрылыс компаниясына айыппұл салынады