Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айтулы додаға 29 елден 500-ден астам спортшы қатысты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды. 28–31 мамыр аралығында Гонконгте 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтті. Бұл туралы Алматы қаласының Спорт басқармасы өкілдері айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Айтулы додаға 29 елден 500-ден астам спортшы қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Алматы спортшылары Қазақстан құрамасы сапында үш медаль жеңіп алды.

Сырықпен секіруден Анна Черкашина күміс жүлдегер атанды. Ал Маргарита Косинова ел қоржынына тағы екі медаль салды. Ол 4×400 метрлік эстафеталық жарыста Қазақстан құрамасы сапында күміс медаль жеңіп алып, 400 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болды.

Спорт басқармасы өкілдерінің мәліметінше, алматылық спортшылардың табысты өнер көрсетуі жүйелі дайындық пен жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысының нәтижесі болды.

Оқи отырыңыз: Senat Open-2026: Алматыда шахматтан ширек финалдық кезең басталды

Новости партнеров