Алматылықтар енді сауда орталықтарында тегін заңдық кеңес ала алады

Заң – тек ережелер жинағы емес, тәртіптің негізі, қауіпсіздік пен әділдіктің кепілі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтар енді сауда орталығынан тегін құқықтық кеңес ала алады. «Заң мен тәртіп» жобасының аясында қаланың бірқатар ойын-сауық мекемесінде арнайы пункттер ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Аптаның әр сәрсенбі, бейсенбі және жұма күндері кешкі сағат 17:00 мен 20:00 аралығында кез келген азамат мұнда келіп, заңдық көмекке жүгіне алады. Сондай-ақ шаһардың 8 ауданында прокуратура, полиция, жемқорлыққа қарсы қызмет және әкімдік мамандарынан құралған мобильді топтар жұмысын бастады. Олар тұрғындармен кездесіп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңбұзушылықтың алдын алу және азаматтардың өтініш-шағымдарын қараумен айналысады.

«Тұрғындар тұрмыстық, еңбек талаптары бойынша, кәсіпкерлік, жеке мәселерге дейін сұрақтары бойынша жауап ала алады. Сондай-ақ құқықтық консультация немесе құқық бұзушылық бойынша шағымдану үшін сенім телефондарды да жұмыс істеп тұр. Заң – тек ережелер жинағы емес. Ол – тәртіптің негізі, қауіпсіздік пен әділдіктің кепілі», - деді қалалық прокуратураның ресми өкілі Райымбек Шәріпбаев.

Оқи отырыңыз: Гонконгте өткен көрме аясында Алматының туризм күні ұйымдастырылды

Новости партнеров