Алматының тәртіп сақшылары 9000-ға жуық наркограффитидің көзін жойды

Жоба аясында еріктілер мен белсенділер қабырғадағы жазулар мен сілтемелерді өшірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының тәртіп сақшылары жыл басынан бері 9000-ға жуық наркограффитидің көзін жойды. Бұл туралы есірткінің заңсыз жарнамаларын бояу бойынша өткізілген "Жастармен бірге болашаққа" науқанында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жоба аясында еріктілер мен белсенділер қабырғадағы жазулар мен сілтемелерді өшірді. Қалалық жастар саясаты басқармасы, прокуратура мен полиция департаменті ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – есірткі зиянын түсіндіру арқылы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

"Биыл наркостоп жобасына 4 жыл болады, 300 мыңнан астам жарнама, сілтеме өшірілді. Сонымен қатар мектеп, ЖОО, колледждерде лекция өткіземіз", – деді қоғамдық кеңестің мүшесі, «Наркостоп» жобасының жетекшісі Нұржан Жақыпов.

"Граффити сызғаны үшін арнайы ақша бөлінеді немесе есірткі бөлінеді. Заң бойынша ҚР ҚК 299-бабы бойынша қсталған адам 1 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін", – деді Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Дәурен Көбеев.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда үш күнде төрт есірткі зертханасы табылды

Новости партнеров