Анам қайтыс болды, балам ауыр хәлде: Астанада әріптестерінен өтірік айтып, ақша жинаған әйел сотталды
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Астанада «анам қайтыс болды, балам ауыр хәлде» деп өтірік айтып, әріптестерінен 2 миллион теңгеден астам ақша жинаған әйел сотталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бала күтіміне байланысты үйде отырған ол бір жыл бойы жалған сөйлеген. Оның айтқанына сеніп, көмектескісі келген әріптестері қаражат аударып отырған. Соңында шындық ашылған. Келіншек кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініп, шығынды ішінара өтеген.
Соны ескерген сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Ол пробациялық бақылауда болады. Үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттен 4 миллиард теңге ұрлап, Грузияға қашып кеткен күдікті қолға түсті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33