Оны елге Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері жеткізген
Мемлекеттен 4 миллиард теңге ұрлап, Грузияға қашып кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Оны елге Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері жеткізген. Тергеу барысында ол адамның компания басшысы бола тұра, бәзбіреулермен алдын ала келісіп әрекет еткені анықталған. Олар ақша жымқыру үшін мемлекеттік сатып алу талаптарын сақтамай, спутниктік және телекоммуникациялық жабдықтарды жалға алу бойынша заңсыз келісімшарт жасаған. Нәтижесінде мемлекетке қомақты шығын келген. Теріс пиғылын іске асырғаннан кейін күдікті із суытқан. Сондықтан, халықаралық іздеу жарияланған.
«Биыл наурыз айында Грузия аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Айып тағылған қылмыстар үшін қылмыстық заңнамада мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», деді ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Ерлан Жанпейісов.
Оқи отырыңыз: Су үнемдеген шаруаларға субсидия 80 пайызға дейін артады