Аңсаған сәби: елімізде бес жылда 15 мың бала дүниеге келді

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жыл сайын бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы 15 мың бала дүниеге келді, деп хабарлайды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Бағдарлама 2021 жылы іске қосылған. Содан бері экстракорпоралдық ұрықтандырудың 37 мыңға жуық циклі жүргізілді. Жыл сайын бөлінетін квота саны 7 мыңға дейін ұлғайтылды.

Министрліктің мәліметінше, бүгінде еліміздегі отбасылардың шамамен 15%-ы бедеулік мәселесіне тап болады. Жыл сайын осы мәселе бойынша 20,5 мыңға жуық ерлі-зайыпты медициналық көмекке жүгінеді.

Қазақстанда ЭКҰ жасайтын медициналық ұйымдардың саны да артқан. 2004 жылы мұндай қызметті төрт клиника көрсетсе, 2025 жылы олардың саны 32-ге жетті.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 8,5 пайызында кездесетін мигреньнен қалай қорғануға болады