Антикризистік басқару – шекарасыз: Алматыда халықаралық конгресс өтті

17.09.2025 18:48

Маңызды форумға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 200-ге жуық сала мамандары қатысты

Алматыда «Антикризистік басқару – шекарасыз» атты халықаралық конгресс өтті. Маңызды форумға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Тәжікстаннан келген 200-ге жуық сала мамандары қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Басқосуда банкроттықтағы цифрландыру тақырыбы жан-жақты талқыланып, қаржы саласындағы түйткілдерді шешуге бағытталған нақты тәжірибелік ұсыныстар айтылды. Маңызды шешімдердің бірі ретінде ТМД парламентаралық ассамблеясы жанынан трансшекаралық төлем қабілетсіздігіне арналған үлгілік заң жобасын әзірлейтін жұмыс тобы құрылатыны жарияланды. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам қаржы нарығындағы өзара әрекеттестікті жүйелеуге жол ашады.

«Алматы қаласында ТМД елдерінің банкроттық саласындағы майталмандарының жиналысы деп айтуға болады. Бізде заңды тұлғалардың, жеке тұлғалардың осы салада жасалынып жатқан ақпараттық жүйеге қызығушылық танытып жатыр. Соны бәріне бүгін таныстырып жатырмыз. Әр елдің жетістігін, өзекті мәселелерін қарап, жұмысқа  пайдалы тұсын аламыз деп ойлаймын», – деді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Меруерт Сисембаева.

Оқи отырыңыз: Дропперлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады