Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қабылдады
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды қабылдап, азаматтардың әртүрлі тақырыптағы өтінішін қарады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қабылдау барысында тұрғындар аудандық инфрақұрылымға қатысты бірқатар сауалын қойды. Сонымен қатар аумақты толық интернетпен қамтамасыз ету, жаңа нысандардың қолданысқа берілу мерзімі жайлы сұрақтар қозғалып, азаматтарға нақты ақпарат айтылды. Шаһар басшысы әрбір мәселені жіті түсіндіріп берді. Қабылдау соңында сай жауапты мамандарға нақты тапсырма жүктеліп, олардың орындалу мерзімі айқындалды.
«Аудандағы арық жүйесін реттеу мәселесіне қатысты сұрақ қойдым. Жауын-шашын кезінде кей аумақты су басып, тұрғындарға да, көлік қозғалысына да қолайсыздық туғызады. Сонымен қатар жанындағы үйлерге су кіру қаупі бар. Бұл мәселе жақында оң шешімін табады деп ойлаймын. Мамандар аталған аумақты зерттеп, тексеру жұмыстарын жүргізді. Олардың айтуынша, мәселені шешуге мүмкіндік бар және тиісті шаралар қабылданады», – деді қала тұрғыны Светлана Михайлова.¤
«Бүгін екі мәселе бойынша сұрақ қойдым. Біріншісі – ауладағы балалар ойын алаңын күрделі жөндеуден өткізу, екіншісі – мектепке баратын жолға бағдаршам орнату. Бірінші мәселе бойынша жөндеу жұмыстары шамамен бір айдың ішінде басталатыныны айтты. Ал екінші мәселе аумақты толық зерттеп болғаннан кейін шешіледі. Балалар алаңын жөндеу үшін биыл қолдау көрсетілетіні айтылды. Тіпті шілде айында жұмыстарды бастау жоспарланып отыр. Сондықтан кездесуге қатысқаныма қуаныштымын және жауаптарға көңілім толды», – деді қала тұрғыны Лада Кольчугина.
Оқи отырыңыз: Жаңа мектеп пен емхана: Шаһар басшысы Түрксіб ауданы тұрғындарының сұрақтарына жауап берді