Оларды тауардың нарықтағы бағадан шамамен 40 пайызға арзандығы қызықтырған
Арзан бағаға қызыққан үш мыңға жуық қазақстандық интернет-алаяқтардың арбауына түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Алдын ала мәлімет бойынша, жалпы шығын 6 миллиард теңгеге жуықтайды. Белгілі болғандай, азаматтар интернет-дүкен арқылы тұрмыстық техника, ұялы телефон мен зергерлік бұйымдарға тапсырыс берген. Оларды тауардың нарықтағы бағадан шамамен 40 пайызға арзандығы қызықтырған. Оған қоса, тапсырысты қысқа мерзімде жеткізу туралы уәде де қызықтырыпты. Алайда сатып алушылар алдын ала ақы төлегенімен, тапсырыс берген тауарын ала алмаған. Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз: Сауда министрі тұтынушыларға сенімді маркетплейстерді таңдауды ұсынды