Аса маңызды кезең: Ерлан Қарин Парламент қабылдаған конституциялық 6 заң туралы
Ақорда
Мемлекеттік кеңесші бұл мемлекеттік саясаттың жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітетінін айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар екінші оқылымда 6 Конституциялық заңды қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
- «Қазақстан Республикасының Президенті туралы»;
- «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы»;
- «Қазақстан Халық Кеңесі туралы»; 4. «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы»;
- «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы»;
- «Бірқатар конституциялық заңдарды Конституцияға сәйкестендіру туралы» (сайлау туралы, республикалық референдум туралы, Үкімет туралы, сот жүйесі туралы, Конституциялық Сот туралы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы, Прокуратура туралы және басқа да заңдар).
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің айтуынша, аталған конституциялық заңдар пакетінің қабылдануы мемлекеттік саясаттың тұжырымдамалық бастамалардан нақты құқықтық тетіктерге дейінгі жүйелі әрі дәйекті сипатын бекітеді.
«Бұл – жаңартылған мемлекеттік-саяси модельдің құқықтық негіздерін нығайтатын 2026 жылғы Конституциялық реформаны жүзеге асырудағы аса маңызды кезең», - деді Ерлан Қарин.
Оқи отырыңыз: Парламент «Президент туралы» Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
21.09.2026 08:12
Қайтыс болған адамның несиесін туыстары өтеуге міндетті ме
21.09.2026 21:29
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
21.09.2026 10:32
Күзгі шай: денсаулық пен көңіл күйді көтеру жолы
20.09.2026 16:00
Мың жылдық тарихы бар Алматы жайлы қызықты деректер
20.09.2026 10:53