«Asar-Ume» қоры Перизат Қайратқа 200 млн теңге аударған

Бұл туралы қор президенті Асхат Нұрмашев сот отырысында айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Асар-Уме» қайырымдылық қоры Перизат Қайрат басқаратын ұйымға 200 миллион теңге аударған. Бұл туралы қор президенті Асхат Нұрмашев сот отырысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, олар Перизат Қайратпен 2021 жылы волонтерлік іс-шараларда танысқан. Сол кезде ол Палестина елшілігімен меморандумы барын және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі гуманитарлық көмек жеткізетін қорлармен байланысы барын жеткізген. Осыған сенген «Асар-Уме» қоры 2023 жылы қарашада халықтан қаржы жинауды бастаған. Небәрі 5 күн ішінде 100 мыңнан астам адам қатысып, 293 миллион теңге түсіпті. Бастапқыда бұл қаражатты бірнеше траншпен аудару көзделген. Алайда Перизат шетелдік серіктестердің талабын алға тартып, қаражатты бір жолғы төлеммен жіберуді сұраған.

 «Біз жоғарыда айтылған жайттарға сүйене отырып, 200 миллион теңге жібердік. Сол кезде Перизат Қайрат ұсынған құжаттарға күмән болған жоқ. Ол біздің қаражаттың Абу-Даби қорына аударылғанын растайтын ресми құжатты көрсетті. Оның түпнұсқалығына сендік. Алайда тергеу дерегі бойынша, ол құжаттар қолдан жасалған, яғни жалған құжаттар екені белгілі болды», – деді  «Асар Уме» ҚБ президенті Асхат Нұрмашев.

Оқи отырыңыз: Перизат Қайрат Газа секторына бағытталған гуманитарлық көмекті де жымқырған

Новости партнеров