Астана – Қарағанды тасжолында жолаушы көз жұмды

10.03.2026 20:10

Жол-көлік оқиғасына ақтүтек боран мен екпіні қатты жел себеп болған

«Астана – Қарағанды» тас жолында бірден жеті көлік соғысып, бір жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тағы бір темір тұлпар тізгіншісі ауыр жарақат алды. Зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілген. Қазір оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Жол-көлік оқиғасына ақтүтек боран мен екпіні қатты жел себеп болған. Күн райының қолайсыздығынан жол көрінбей қалған. Салдарынан бірнеше көлік бірінің артына бірі соқтығысып, соңы қайғылы жағдайға ұласыпты. Сондықтан полицейлер жолаушыларға қолайсыз ауа райында алыс жолға шықпау керек екенін ескертеді.

«Аталған көлік құралдарының қозғалысқа енгізілген шектеулерге дейін жолға шыққаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері және жедел жәрдем бригадасы жұмыс істеуде. Қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», – деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Оқи отырыңыз: Жоғалған отбасы: күдікті мәйіттерді өзі жалдап тұрған үйдің ауласына көміп кеткен