Астана - Щучинск ақылы жолында мемлекеттік нөмірді әдейі жасырған факт анықталды

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Ұлттық компанияның деректері бойынша 2025 жылдың басынан бері ақы төлеуден жалтаруға тырысқан 463 құқық бұзушылық тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылғы 8 қазан республикалық маңызы бар «Астана - Щучинск» ақылы автомобиль жолында автоматты бақылау жүйесі арқылы HOWO маркалы жүк көлігі жүргізушісінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырған фактісі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ Ақылы автомобиль жолдары департаментінің қызметкерлері көлік құралының мемлекеттік нөмірін жедел анықтап, тиісті ақпаратты құқық қорғау органдарына жолдады.

Ұлттық компанияның деректері бойынша 2025 жылдың басынан бері ақы төлеуден жалтаруға тырысқан 463 құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде - мемлекеттік нөмірді жасыру, жалған немесе қолдан жасалған нөмірлерді орнату жағдайлары бар. Барлық фактілер бойынша полиция органдарымен бірлесіп әкімшілік шаралар қолданылды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы барлық ақылы учаскелер заманауи бейнеаналитикалық жүйелермен жабдықталғанын еске салады. Бұл жүйелер жол қозғалысы кезінде осындай құқық бұзушылықтарды нақты уақыт режимінде анықтауға мүмкіндік береді.

Ұлттық оператор барлық жүргізушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және жол ақысының төлемін белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға шақырады. Жүйені алдауға бағытталған кез келген әрекет әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын хабарлаймыз.

Оқи отырыңыз: Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовтың ісін қайта қаралып жатыр

Новости партнеров