Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовтың ісі қайта қаралып жатыр

Сот ертең де жалғасын табады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте экс-депутат Руслан Берденовтың ісін қайта қарау басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салсақ, 21 сәуірде қала әкімдігінің алдында атыс болып, сол кездегі шаһар басшысының орынбасары жараланған. Кейіннен оқиғаға байланысты «Тұрғын үй Шымкент» компаниясының бұрынғы басшысы Ернар Жиембай 9 жылға сотталды.

Алайда үкіммен қос тарап та келіспей, сотқа апелляциялық шағым түсірген. Бүгінгі қайта өткен сот процессінде жәбірленуші тарап күдіктіні қатаң жазалауды сұраса, сотталушының қорғаушылары «адам өлтіру» бабын «қасақана ауыр зиян келтіру» бабына ауыстыруды сұрады. Сот ертең де жалғасын табады.

Айта кету керек, осы оқиғадан кейін Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кеткен. Бүгінде ол «Алматы даму орталығының» директоры болып тағайындалған.

«Сот барысында анықталғандай, тергеу барысындағы куәгерлердің және Берденовтың айтуы бойынша қылмыс болған кезде, атқан кезде айналада адамдар болған. Бұл уәждердің барлығын сот мәнге алмай, қарамай, заңсыз үкім шығарған. Біздің ойымызша, бұл 99-баптың 2 бөлігінің 2 және 6-тармағымен қайта саралау қажет», – деді жәбірленушінің қорғаушысы Жеңіс Тыныбек.

Оқи отырыңыз: Әріптесін өлтіріп, денесін орманға көміп кеткен азамат 10 жылға сотталды

Новости партнеров