Астанада  900 млн теңге жымқырған мектеп басшысы мен есепшісі ұсталды

Күдіктілер ол қаржыға коттедж, елордадан екі пәтер және автокөлік сатып алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ата-аналардан жиналған қаржыны қалтасына басқан білім беру мекемесінің басшылары ұсталды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Астанадағы №81 Astana English School халықаралық мектебінің бұрынғы директоры мен бас бухгалтері 900 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Тергеу мәліметінше, олар ата-аналардан дайындық сыныптары мен жазғы лагерьге деген төлемдерді қолма-қол жинап, мекеме шотына жібермеген. Шамамен 16 миллион теңге жалған қызметкерлердің атына аударылып келген.

«Күдіктілер қылмыстық жолмен алынған табыстарға жалпы құны 382 млн теңгені құрайтын мүлік: коттедж, елордадан екі пәтер және автокөлік сатып алған. Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілер қамауға алынды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда бұрынғы әйелін аса қатыгездікпен өлтірген ер адамға үкім шықты

Новости партнеров