Сиань-Алматы: қалаға алғашқы халықаралық туристік пойыз келді

Almaty.tv
Almaty.tv

Биыл – Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы-2 теміржол вокзалына «Сиань-Алматы» бағытындағы алғашқы халықаралық туристік пойыз келді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Аспан асты елінің саяхатшыларын қарсы алу үшін перронда ұлттық өнер көрсетіліп, салтанатты рәсім өтті. Туристік делегация құрамында 246 адам бар. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ғалымдар, мәдениет пен спорт саласының өкілдері бар. Қытайлық қонақтар бес күн бойы оңтүстік астананың тарихи-мәдени ерекшеліктерімен танысып, түрлі іс-шараға қатысады.

 «Алматыға алғаш келуім. Қызықты саяхат күтіп тұрғанына сенімдімін. Халық күтіп алып, келгеннен-ақ қонақжайлылық танытып жатыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы келісімді, ынтымақтастықты көріп қуанып тұрмын», – деді турист Дин Чоу Бо

Былтыр Қытайдан елімізге келген туристер саны 700 мыңға дейін жеткен. Ал Алматының өзіне көршілес елден 200 мыңдай азамат саяхаттап келген.

Айта кетейік, биыл – Қазақстандағы Қытай туризмінің жылы. Бұл пойыз да соның шеңберінде іске қосылған. Іс-шараға қатысушылар бағыт екі ел арасындағы байланысты нығайтатын тұрақты маршрутқа айналып, жаңа бастамаларға жол ашады дегенді алға тартып отыр.

 «Бағыт жай ғана теміржол қатынасы емес, бұл – екі ел достығыныңғ мідениетінің алтын көпірі. Мәдени және іскерлік байланыстарды кеңейтіп, туристер ағынын арттырады және Алматының еліміздегі басты туристік орталық ретінде орнын нығайтады. Қаламызға келген барша қонақтарға жарқын әсер, қызықты сәттер және жағымды эмоция тілеймін! – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

«Бұл бағыттағы пойыз Алматыға желтоқсанда келеді. Ал келесі жылдан бастап ай сайын қатынайды. Бұл – үлкен жұмыс. Жоба екі жыл бойы дайындалып, Қытай мен Қазақстан басшылығының ерекше назарында болды», – деді Туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітова.

Оқи отырыңыз: IQ-Ala Jastary: Алматыда зияткерлік ойын аяқталды

Новости партнеров