Орталық – Батыс жаңа автомагистралі салынады

Almaty.tv
Almaty.tv

Жаңа жол Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық бағытымен байланыстырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанай облысында екі бірдей ірі жоба жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Біріншісі, Жезқазған – Петропавл автожолын жаңғырту. Жалпы ұзындығы – 940 шақырым, соның 125-і Қостанай облысы аумағынан өтеді. Өткен жылы 35 шақырымы жөнделген. Нәтижесінде, Арқалық Қостанаймен, Астанамен және Жезқазғанмен тікелей байланысады.
Екінші жоба – «Орталық – Батыс» жаңа автомагистралін салу. Ол 2015 жылы әзірлене басталған, алайда қаржы жетпей, кейінге шегерілді. Енді қайта қолға алынып, құжаттар жаңартылып жатыр. Үлкен жолдан бөлек, жолайрықтар, көпірлер және елді мекендерге кіреберіс жолдар салынады. Жаңа жол Астананы Арқалық, Торғай және Ырғыз арқылы Транскаспий халықаралық бағытымен байланыстырып, жолды бес сағатқа қысқартады.

"Бұл – жаңадан салынатын жол, ұзындығы – 200 шақырым. Қазір Астанадан Ырғызға жету үшін Ақтөбе арқылы айналма жолмен жүру қажет. Біз осы жолды салатын болсақ, Ырғызға дейін 547 шақырым қысқарады. Демек, Атырауға дейінгі жол да едәуір қысқарады деген сөз", - деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚФ директоры Андрей Горват.

Оқи отырыңыз: Астанада бес миллионыншы жолаушыға сыйлық табысталды

Новости партнеров