Астанада Есіл өзеніне секірген 20 жастағы қыз құтқарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада түнгі уақытта Есіл өзеніне секірген 20 жастағы бойжеткен аман алып қалынды. Ол биік көпірден суға секіріп кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жүзу құралдарының көмегімен қызға жетіп, оны судан шығарып, жағаға жеткізді.

Кейін бойжеткен жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Қазіргі уақытта оның мұндай қадамға баруына не себеп болғаны белгісіз.