Астанада ірі көлемдегі алаяқтық дерегі бойынша күдікті ұсталды

Depositphotos
Depositphotos

Полиция ірі қаржылық мәмілелер кезінде сақ болуды ескертеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласында автокөлік сатып алып беруге уәде етіп, өзге біреудің қомақты қаражатын иемденген 39 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Almaty.tv.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, оған Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін жеткізіп беруге уәде берген. Осы мақсатта ол елорда тұрғынынан 20 миллион теңге көлемінде қаражат алған. Алайда, уәде етілген қызметті орындамай, ақшаны өз қажетіне жұмсап, алдау жолымен заңсыз иемденген.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, қылмыстың барлық мән-жайы анықталуда. Тәртіп сақшылары азаматтарды бейтаныс адамдармен ірі қаржылық мәмілелер жасау кезінде барынша сақ болуға шақырады. Мамандар кез келген сатып алу-сату операцияларын тек ресми құжаттар арқылы және заңды түрде рәсімдеу қажеттігін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 303 зертхана жұмыс істеп тұр: ғылым мен бизнестің интеграциясы

Новости партнеров