Астанада ломбард тонаған шетелдік азаматтар ұсталды

Almaty.tv
Almaty.tv

Тәртіп сақшылары қаскөйлерді Орал қаласындағы үйлердің бірінде қолға түсірді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада ломбардтан 654 алтын бұйымды тонаған шетелдік азаматтар ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жергілікті полиция қылмысты бес адамнан құрылған топ ұйымдастырғанын хабарлады. Олар арам пиғылын алдын ала жоспарлаған. Ломбардтың кілтін алып, ондағы қызметкердің түскі үзіліске шығып кеткенін күткен. Кейін ішке кіріп, жалпы құны 45 миллион теңге болатын бағалы әшекейлерді қолды қылған. Онымен қоймай, кассада жатқан бір жарым миллион теңгені де жымқырған. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілердің елдің батыс аймағына қашып кеткені анықталған. Тәртіп сақшылары қаскөйлерді Орал қаласындағы үйлердің бірінде қолға түсірді. Қазір барлығы қамауда, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады

Новости партнеров