Астанада жеке үй өртеніп, 4 бала қаза тапты

Астана қалалық ТЖД
Астана қалалық ТЖД

Балалардың үлкені 13-те, ең кішісі екі жаста болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатыры өртеніп, артынша опырылып құлаған. Соның салдарынан үйдің ішінде болған 4 бала қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін 6 минутта жеткенде ашық жануды байқаған. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді.

Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылдары туған төрт бала қаза тапты", - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жаназа ас кезінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты

Новости партнеров