Қыз балаға Германияда дайындалған заманауи протездер орнатылған
Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған 8 жастағы Алуа Бекен протезбен жүруді үйреніп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv
Оның алғашқы қадамдары түсірілген видео Instagram-дағы арнайы қайырымдылық парақшасында жарияланды. Кадрларда Алуа жаңа протездерін киіп, нық қадам жасауға талпынып жатқан сәті көрсетілген. Қыз балаға Германияда дайындалған заманауи протездер орнатылған. Мамандар оларды бейімдеу және орнату жұмыстарын бірнеше кезеңмен жүргізеді.
Еске салайық, 2 маусымда елордада автобус қатысқан ірі жол апаты болып, 15 адам жарақат алған. Сол кезде Алуаның екі аяғын ампутациялауға тура келген.
Оқи отырыңыз: Жас құтқарушылар: Алматыда мектеп оқушылары сала ардагерлерін құттықтады