Астанадағы түнгі клубтардың бірінде жігітті пышақтап кетті

09.09.2025 18:24

Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр

Астанадағы түнгі клубтардың бірінде қайғылы жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Көңілді отырыс аяқ астынан жанжалға ұласып, келушілер пышақтасуға дейін барған. Салдарынан 19 жастағы жас жігіт қаза тапты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.

«Анықталғандай ойын сауық орнында келушілер арасында жанжал туындап ол төбелеске ұласқан. Оқиға барысында күдікті пышақ жарақатын салып, оның салдарынан 19 жастағы жігіт көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып тергеу жүргізілуде», – деді Полиция департаменті баспасөз қызметінің бастығы Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: Астрофизикалық обсерватория: СҚО-да ғалымдар аспан әлемін зерттейтін құрылғы жасады