Екі ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары бір жылдан кейін ғана аяқталады
Биыл жазда Астана маңында болған екі ұшақ апатына қатысты тергеу жұмыстары бір жылдан кейін ғана аяқталады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Аптаттың себебі сол кезде белгілі болмақ. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Азаматтық авиация комитеті мен авиация әкімшілігі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Тергеу уақытында ұшақ иелерінің жұмыстары уақытша тоқтатылған.
Айта кетейік, 22 маусым мен 17 тамызда елорда іргесінде жекеменшік ұшақ құлап, борттағы адамдар қаза тапқан. Осыдан кейін Көлік министрлігі жеңіл авиацияға жаппай тексеріс бастады. Астана, Алматы және Қарағандыдағы 49 әуе кемесі бақылауға алынады. Сондай-ақ жеңіл моторлы ұшақтардың ұшу қабілетін тексеретін ұйымдардың да жұмысы қадағаланады.
«Шағын авиация бойынша ретке келтірілетін жеке құжаттың қажет екенін көріп отырмыз. Ал жолаушылар тасымалына қатысты мәселе бойынша сұрақ жоқ. Бұл салада әр тармақ толықтай, егжей-тегжейлі жазылған», – деді ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев.
Оқи отырыңыз: Алматыда ауыр жүк көліктеріне 51 млн теңгеден астам айыппұл салынды