Астанаға келген белгиялық «Бораттар» қандай жазаға тартылды

22.01.2026 13:42

Жақында "Қайрат" пен "Брюгге" командалары кездескен

Almaty.tv

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы стадионда бельгиялық командамен келген үш жанкүйердің ерсі қылығына қатысты қандай жаза берілгенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айта кетейік, жақында "Қайрат" пен "Брюгге" командалары кездескен еді. Ойын кезінде «Борат» фильміндегі кейіпкердің киімін киіп алған жанкүйерлер полицияға жеткізілгені мәлім болды.

"Брюгге" жанкүйерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу бойынша сот шешімі бар", - деді Санжар  Әділов. 

Оқи отырыңыз: Қысқы олимпиада ойындары: ел намысын алматылық спортшылар қорғайды