Есірткі алып өтпек болған астаналық азамат ұсталды

Күдікті «Қарасора – 2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының аясында анықталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналық 27 жастағы азамат Астрахан тас жолы арқылы 1,5 келі синтетикалық есірткіні алып өтпек болғанда ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдікті «Қарасора – 2025» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасының аясында анықталған. Ол нұсқаушының көмегімен әрекет етіп, зиянды затты жасырын түрде таратып отырған. Қазір азамат уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Қарасора – 2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Ішкі істер органдары есірткі заттарының жеткізілу және таратылу арналарының, соның ішінде интернет-платформалар мен курьерлік жүйелер арқылы өтуін тоқтатуға бағдарланған. Ішкі істер министрлігі ескертеді: есірткі заттарының заңсыз айналымы – заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетін ауыр қылмыс», – деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Оқи отырыңыз: Маңғыстаудағы 65 мектеп асханасында санитарлық норма сақталмаған

Новости партнеров