Маңғыстаудағы 65 мектеп асханасында санитарлық норма сақталмаған

Тексеру қорытындысына сәйкес, 57 нысанға 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, 60 ұйғарым берілген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Маңғыстаудағы мектеп асханаларынан өрескел заң бұзылғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша, аймақтағы оқу орындарына ауқымды тексеру жүргізген. Нәтижесінде, 66 асхананың 65-інде санитарлық норма сақталмаған. Тексеру қорытындысына сәйкес, 57 нысанға 18 миллион теңгеден астам айыппұл салынып, 60 ұйғарым берілген. Сонымен қатар 62 қызметкер жұмыстан шеттетілді. Тағы бір іс сотқа жіберілді.

Еске салайық, былтыр Мұнайлы ауданында 460 оқушы мектеп асханасында астан уланып, ауруханаға түскен. Тексеру нәтижесінде тамақтан ішек бактериялары табылып, 12 қызметкерден стафилококк анықталған.

«Лабораториялық зерттеу кезінде осы дезинфекциялық ерітінділердің 16 пайызы санитарлық талаптарға сәйкес келмеді. Зертханалық түрде дәлелденді. Сонымен қатар мектеп ас блогында қызметкерлердің медициналық бақылаудан толық және уақытылы өтпеген. Соның салдарынан 62 қызметкерді жұмыстан шеттеттік», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық департаменттің бөлім басшысы Назгүл Тұраналиева.

Оқи отырыңыз: Бөбекжайда бүлдіршінді ұрған маман қамауға алынды

Новости партнеров