Астаналықтарды алаңдатқан белгісіз вирус: Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Басқарма дерегінше, 4-10 қыркүйек аралығында үш мыңнан астам жағдай тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астаналықтарды белгісіз вирус алаңдатып отыр. Тұрғындар әлеуметтік желіде тамақтың ауырсынуы, мұрыннан су ағу, әлсіздік сияқты жедел респираторлық вирустық инфекцияға тән белгілерге шағымданып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың кейбірі дене қызуының көтерілмегенін жазған. Көпшіліктің шағымына Денсаулық сақтау басқарамасы жауап берді. Ведомство қазіргі уақытта тыныс жолдары ауруларының әдеттен тыс немесе ауыр түрде өтіп жатқанын көрсететін белгілер байқалмайтынын мәлімдеді. Десе де, бас қалада аталған ауру белгілері бойынша медициналық көмекке жүгінгендер саны өскен. Басқарма дерегінше, 4-10 қыркүйек аралығында үш мыңнан астам жағдай тіркеліпті. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31 пайызға аз.

«Көп жағдайда ауру жедел респираторлық вирустық инфекцияға тән әдеттегі клиникалық көрініспен өтеді. Дегенмен, кейбір науқастарда, әсіресе созылмалы аурулары, иммунитеті төмендеген немесе басқа да қауіп факторлары болған жағдайда, инфекция ауырлау өтуі мүмкін», – деді  Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: ЖРВИ: Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты