ЖРВИ: Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматыда 7 мыңға жуық жедел респираторлық вирустық инфекция дерегі тіркелді. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 15 пайызға төмен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. 

Сондықтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары шаһардағы ахуалды тұрақты деп бағалап отыр. Дегенмен күзгі маусымның басталуымен тыныс жолдары арқылы тарайтын инфекциялардың алдын алу шаралары күшейтілмек. Биыл ЖРВИ мен тұмауға қарсы 250 мың доза вакцина сатып алу жоспарланған.

Ал қазір Алматыда тұмау мен өзге де респираторлық вирустардың қандай түрлері таралуда? Осы және өзге де сауалдарға студия қонағы қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гаухар Қаткенова жауап береді.

– Гаухар Сұлтанқызы, Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал қалай бағаланып отыр? Күзгі маусым басталғалы қалада қанша ЖРВИ жағдайы тіркелді?

«Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті апта сайын жіті респираторлық вирустық инфекцияларға және тұмауға мониторинг жүргізеді. Соңғы аптадағы аурушаңдық өз деңгейінен асып тұрған жоқ. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14 пайыз төмен. Жас аралығына келетін болсақ,  халықтың барлық жас аралығындағы топтар жедел респираторлық вирустық инфекциялармен ауырады, әсіресе 57 пайызы ол 14 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі».  

– Қазір қалада тұмау мен өзге де респираторлық вирустардың қандай түрлері тарап кеткен? Соның ішінде зертханалық жолмен расталғаны нешеу?

«Зертханалық жүргізілген мониторинг бойынша тұмау тіркелген жоқ. Айналымда ринавирус, РНК вирус, маусымдық вирустар айналымда бар. Одан басқа өзге де бұрын тіркелмеген вирус түрлері, басқа сырқаттанушылықтар тіркеліп жатқан жоқ».

– Биылғы күзгі-қысқы эпидемиологиялық маусымда тұмауға қарсы қанша доза вакцина қарастырылған? Жалпы қанша адамды екпемен қамту жоспарланып отыр?

«Қазіргі уақытта жіті респираторлық вирустық инфекциялардың және тұмаудың эпидемиологиялық кезеңіне дайындалу жұмыстары, шаралары жүргізіліп жатыр. «Гриппол плюс» Ресей мемлекетінің шығарылған тұмауға қарсы вакцинация 250 мың дозасы алынып жатыр. Ол ең бірінші осал топтағы дипансерлік учетта тұратын созылмалы аурулары бар науқастарға, жүкті әйелдерге және жетім балаларға, диспансерлік учетта тұрған балаларға және қарт, мүгедектер, пансионаттарындағы адамдарға, интернаттағы жетім балаларға салынады. Одан басқа медициналық қызметкерлеге де осы «Гриппол плюс» вакцинасының салуды жоспар отырмыз».

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтардың 8,5 пайызында кездесетін мигреньнен қалай қорғануға болады