Ата заң-30: Шымкентте әлеуметтік төлемдер тағайындалды

Барлық төлем жергілікті бюджет есебінен жасалмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте Ата заңның 30 жылдығына орай әлеуметтік төлемдер тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала әкімдігінің дерегінше, бұл бастама мүгедектігі бар және ата-анасыз өсіп келе жатқан балаларға арналады. Нәтижесінде, 8 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бүлдіршінге 19 мың 660 теңге, ал 670-тен астам жетім балаға 78 мың 640 теңге беріледі. Барлық төлем жергілікті бюджет есебінен жасалмақ.

Ескеретін жайт, бұл төлемді алу үшін тұрғынның Шымкент қаласында тіркеуде болуы міндетті.

«Бұны алу үшін еш жерге барудың немесе өтініш жолдаудың қажеті жоқ. База автоматты түрде анықтап, балалардың есепшотына қаржыны аударатын болады», – деді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.

Оқи отырыңыз: Өзбекстанда Қазақстан архивтерінің күндері өтіп жатыр

Новости партнеров