Атасы мен немересінің суға батып кетуі: Ақтөбедегі оқиғаға не себеп болуы мүмкін

ТЖД су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында 66 жастағы ер адам 8-ге толған немересімен бірге Ор өзеніне батып кеткен. Қайғылы оқиға Хромтау ауданы Құдықсай ауылының маңында тіркелген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Анықталғандай, марқұм болғандар балық аулау үшін үйден көлікпен шыққан. Одан соң із-түзсіз жоғалып кеткен. Кейін іздестіру-құтқару жұмысы жүргізіліп, мамандар 26 маусым күні кешкі сағат 19.30 шамасында суға батқан ер адам мен баланың денесін тапқан.

Ал полиция қызметкерлері түнгі уақытта көрініс нашар болатындықтан, көліктің жардан сырғып кетуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сүңгуірлер 2,5 метр тереңдіктен және жағалаудан 4 метр қашықтықта баланың денесін тапты. Сонымен қатар көлік пен ер адамның мәйіті судан шығарылды. Қазір оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Осыған байланысты Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады», - деді ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Аслан Арзымбетов.

Оқи отырыңыз: Атырауда бала лифт шахтасына құлап кетті

Новости партнеров