«Атырау-Ақтөбе» пойызында жолаушы көз жұмды

Жолсерік жолаушыны билетсіз вагонға кіргізген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Атырау-Ақтөбе» бағытындағы пойызда жолаушы көз жұмып, 2 жолсерік пен тасымалдаушы көліктің бастығы жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға 13 шілдеде болған. Жолсерік жолаушыны билетсіз вагонға кіргізген. Біраз уақыттан кейін оның жағдайы нашарлап, көз жұмған. Оқиғаға байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. «Батыс» филиалының басшылық құрамына қатысты еңбек шартын бұзу бойынша қатаң тәртіптік шара қолданылады. Ал жолаушының кенеттен қайтыс болу фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр.

«Атырау-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында болған жолаушының кенеттен қайтыс болу дерегі бойынша Ақтөбе стансасындағы Көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Марқұмға алдын ала қойылған диагноз – екі жақты пневмония», – деді  «Ақтөбе» стансасындағы көліктегі полиция бөлімі бастығының Орынбасары Нұрбек Ахметов.

Оқи отырыңыз: Алматының бас полицейі қала орталығын тексерді