Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық талапты тағы бұзды

Заңбұзушылықты Экология департаменті анықтаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау мұнай өңдеу зауыты экологиялық талапты тағы бұзды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Заңбұзушылықты Экология департаменті анықтаған. Белгілі болғандай, 25  тамыз бен 7 қыркүйек аралығында зауытта апаттық жағдай болып, алау қондырғысында 100 тоннадан аса газ жағылған.

Экология департаменті кәсіпорында көміртегі тотығы, азот оксиді мен азот диоксидінің белгіленген шекті мөлшерден асқанын анықтады.

«Тексеріс нәтижесімен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 328, 328-1 және 324-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданылды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық құрамын анықтау үшін, процессуалдық шешім қабылдану үшін құжаттар құқық қорғау органдарына жолданылды», – деді мемлекеттік экологиялық инспектор Айғаным Бағытқали.

Оқи отырыңыз: Шымкентте сигналды тапаншамен аспанға оқ атқан азамат ұсталды