Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн теңге айыппұл салынды

01.04.2026 15:36

Тексеріс жүргізуге қала тұрғындарының жаппай шағымдануы себеп болған

Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жоспардан тыс жүргізілген тексеріс кезінде кәсіпорынның экологиялық талаптарды бұзғаны және апаттық жағдай туралы хабарламағаны анықталды.

Жауаптылардың айтуынша, тексеріс жүргізуге қала тұрғындарының ауадағы жағымсыз күкіртсутек иісіне қатысты жаппай шағымдануы себеп болған.

"Тексеріс нәтижесінде үш хаттама толтырылды. Мамандар ауаға бірқатар шығарындының бекітілген нормадан артық жіберілгенін анықтады. Зауыттан шыққан сарқынды су экологиялық рұқсатсыз жерге төгілгені белгілі болды",  -делінген Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Түркістанда коммуналдық мекемелер тұрғындардан 387 млн теңгені заңсыз алған