Атырау облысында мердігер мекеме өкілінен ақша бопсалаған блогер ұсталды

Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында мердігер мекеме өкілінен ақша бопсалаған блогер ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ол жол құрылысымен айналысатын азаматтан 30 млн теңге талап еткен. Тіпті психологиялық қысым көрсетіп, ақша бермеген жағдайда бейнежазбаны әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан. Алайда 43 жастағы тұрғынның арам ойы жүзеге аспай қалды. Күдіктіні полиция қолға түсіріп, қамауға алды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде.

 «Жедел іс-шаралар кезінде полиция қызметкерлері 1982 жылы туған ер адамды анықтап, ұстады. Аталған деректер бойынша ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында жасалған қорқыту қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды», – деді Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ақберген Танатар.

Оқи отырыңыз: «Шалабай атамның әруағы: шымкенттік емшінің ісіне нүкте қойылды

Новости партнеров